Жаңалықтар
СУДАН ЗАРДАП ШЕККЕН 22734 АДАМ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін. Қазір мамандар Ресейден келетін Жайық өзенінен қауіптеніп отыр.
Осы сағатта 22 мың 734 адам үйіне оралды. 8809 тұрғын, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде жатыр. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 36 484 маман, 16 әуе кемесі жұмылдырылды. Асқар Шәріп, ҚР ТЖМ өкілі: – 4 536 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 11,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 4,6 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Жедел желі телефонына 2 114 қоңырау түсті. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлер мен аумақтардан су сору жұмыстары жалғасуда.