Жаңалықтар

Судан зардап шеккендердің зақымданған дүние-мүлкі қалай бағаланады

 

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындардың шығыны есептеле бастады. Қазір мамандар суда қалған баспаналар мен дүние-мүлікті зерттеп, бағалап жатыр.

СҚО-да су тасқынының зардабын Қызылжар ауданы ең көп тартты. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, аудан бойынша 1485 үй суға кетті. Оның 197-сі – Бескөл ауылында. Қазіргі уақытта тасқын судың беті қайтқан. Тұрғындардың кейбірі үйлеріне кіруге мүмкіндік алды.

«13 сәуір күні су келді. Үйдің қабырғасынан-ақ көруге болады, су бір метрден астам көтерілді. Ал үйдің ішінде биіктігі 10-15 см-дей болды. Соған қарамастан дүние-мүлікке зиян келді. Жаңа үй, 2018 жылы ғана кірген едік. Жөндеу қажет, техникамыз істен шықты. Қазір маман техникалық зерттеу жүргізіп, келген шығынды бағалап жатыр. Таңертең хабарласып, өтініш тастадым, кешке келді», — дейді Бескөл ауылының тұрғыны Ермек Мауытов.

19 сәуірден бастап Қызылжар ауданында бағалаушы компания өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close