Жаңалықтар
ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ НЕСИЕСІ ШЕГЕРІЛЕДІ
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG_5440-780x405.jpeg)
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау тетіктерін іске асыруға кірісті. Агенттік өкілі Қайрат Тұрымтаевтың айтуынша, несиені төлеу автоматты түрде 1 сәуірден 30 маусымға дейін шегерілді. Зардап шеккен әрбір қарыз алушының жағдайына жеке талдау жүргізеді. Осылайша кредиттер бойынша дербес қолдау көрсетудің қосымша шаралары айқындалады.
Бұл да – Мемлекет басшысының қарғын судан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы тапсырмасы шеңберінде қолға алынған шара. Қайрат Тұрымтаев, ҚР ҚНРДА Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары: – Зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқыны салдарының ықпалына байланысты туындаған төлемдердің кешіктірілгені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар кейінге қалады.
Зардап шеккен барлық дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ су тасқыны шаруашылық қызметтің бұзылуына әкеп соққан шағын және орта бизнес субъектілерінің берген өтініштері ескеріле отырып, кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болады.