Жаңалықтар

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі штабта зардап шеккендерге жоғалған және бүлінген мүлік бойынша, өтемақы төлеу тетігі талқыланды.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жауапты министрліктерге, екі күнде бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Мұндай мүліктің тізіміне: тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар, тамақ ішуге, ұйықтауға арналған жиһаз дүниелері, азаматтарды ақпараттандыру мен сумен жабдықтау және жылыту құралдары кіреді. Бұл өтемақыны жергілікті атқарушы органдар, бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан қарастырады. Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде, тасқын судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close