Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Шымкентте ардагерлер мен жастар сенбілікке шықты

Бұл жолы тұрғын үйлер аумағы абаттандырылды. Абай, әл-Фараби аудандарында талдардың түбі әктеліп, қоқыс салатын жәшіктер мен орындықтар сырланды.

Тазалық науқанына коммуналдық сала және жергілікті әкімдік өкілдерінен бөлек, 200-ден аса тұрғын атсалысты. Ардагерлер алқасының өкілдері де шарадан тыс қалған жоқ.

Исамудин Рысбаев, әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: – Кішкентай баладан үлкен қарттарға дейін осы «Таза қала» акциясына бәрі бір кісідей атсалысып жатқаны мені қуантады. Қариялар жұмыс істеп жатқанда жастар қарап тұрмайды. Сондықтан біздің осы жүрісіміз бен тұрысымыздың өзі жастарға үлгі.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close