Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН». ВОЛОНТЕРЛЕР 30 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАДЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Түлкібас ауданында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Н.Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, елді мекендердегі арық-атыздар, аулалар мен көшелер тазартылды. Қоқыс-қалдықтарды шығару жұмыстары ауданның 15 ауылдық округінде жүргізіліп, акцияға белсенді волонтерлар мен жастардан құралған жалпы саны 450 адам қатысты. Тазалық жұмыстары барысында 30 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, жастар аудан тұрғындарын тазалықты сақтап, көшет егу жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close