Жаңалықтар
Тегін қан тапсыратын донорларға өтемақы мөлшері арттырылмақ. Қан тапсырған үшін 2 күн демалыс береді дегені рас па?

«Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі донорларға төлемнің өлшемшарттары мен мөлшері ережесіне тегін донорларға ақшалай өтемақыны 923 теңгеден 4 615 теңгеге дейін арттыру бөлігінде өзгертулер енгізу мәселесін пысықтап жатыр», -деді вице-премьер Тамара Дүйсенова.
Қанды ақысыз тапсыратындар үшін қосымша екі күн демалыс беру заңнамамен бекітілген.