Жаңалықтар

«Тілді, тарихты, Конституцияны білу»: министрлік Қазақстан азаматтығын алудың жаңа ережелерін жария етті

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстан азаматтығын беру туралы шешім шығарар кезде негізге алынатын заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты. «Заң азаматтықтан бас тартудың мынадай негіздерін енгізеді, мысалы, мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейін, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясы негіздерін білмеу. Бастапқы деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Түзетулердің мақсаты – қоғамға тез бейімделу және интеграциялау. Тіл білу, ең алдымен, қоғамға тез араласып, мемлекет өміріне араласу үшін азаматтығын алғысы келетін азаматтардың өздеріне қажет», – дейді Шыңғыс Әлекешев.

Ішкі істер министрлігі бұл түзету басқа елдердің, мысалы, Германия, Канада және Түркияның тәжірибесіне негізделгенін атап өтті. «Мәселен Германияда азаматтық алуға үміткерлерге неміс тілін білуге, неміс мәдениеті мен дәстүрін сақтауға жоғары талаптар қойылады.

Канадада сіз осы елдің азаматының тарихы мен міндеттерін білуіңіз керек, сонымен қатар провинцияға байланысты ағылшын немесе француз тілінен тестілеуден өту керек. Түркияда жалпы негізде азаматтық алған кезде түрік тілін білу міндеттеледі, – деді ол. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close