Жаңалықтар

Тина Канделакидің тауарлары Қазақстанда сатылымнан алынып тасталды

 

Бет пен дене күтіміне арналған косметикаларына арналған тауарларына елде наразылар көп. Оның «Золотое яблоко» мобильді қосымшадағы сыни пікірлер көбейген.

«Золотое яблоко» Тина Канделакидің фашистік көзқарасын қолдап отыр. Бұл дүкеннен алыс жүріңдер», «Астананың төрінен орын беріңдер, жауып тастаңдар», «Еліміз бен халқымызды сыйламайтын адам біздің есебімізден табыс таппау керек», «Тина Канделакидың тауарын сату — Қазақстан халқын қорлау», — деген пікірлер бар.

Бірақ «Золотое яблоко» дүкенің әкімшілігін жауап бермеген. Есесіне, Астанадағы үлкен сауда орталықтарында орналасқан дүкендегі тауарлары алынып тасталған. Сөрелерде жоқ екен. Бұған дүкен сатушысы қарсылық әсер еткенін айтып отыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close