Әлем жаңалықтары

Түркі мемлекеттерінің ортақ әнұраны жазылады

Фото: idelreal.org

Мұндай бастаманы Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің ректоры, Түркі мемлекеттері өнер университеттері одағының төрағасы, профессор Ерхан Өзден көтеріп отыр, деп жазды qandastar.kz Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап. 

Профессордың айтуынша, сөздік өнердің барлық бағыттарын қамтып, әртүрлі түркі тілдеріндегі мағыналарын ескере отырып, терминдер ұсынылады. Бұл – энциклопедияның бір түрі болады.

– Жобаның мақсаты – барлық түркі елдері үшін түсінікті әрі қолжетімді терминдердің бірыңғай базасын құру. Бұл біздің аймақ халықтарының тілі мен мәдениетінің бірлігін нығайтуға көмектеседі, – деп атап өтті Ерхан Өзден.

Екінші маңызды жоба – түркі мемлекеттерінің ортақ әнұранын жазу болмақ. Өзден әнұранның мәтіні мен әуені түркі халықтарын біріктіретін тарихты, дәстүрлер мен құндылықтарды бейнелейтінін атап өтеді.

– Әнұран барлық түркі елдерінің өкілдеріне түсінікті тілде жазылады. Біз оның бірлігіміз бен ортақ болашағымыздың символына айналуына ұмтыламыз, — деді профессор.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close