Жаңалықтар
Түркістанда 5 айда 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды — облыс әкімі
Түркістан облысында 5 ай ішінде 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы өңір әкімі Дархан Сатыбалды Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Облыста биыл 109 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. 5 айда 55 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Оның 27 мыңы — тұрақты. Биыл Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылды»,—деді ол.