Жаңалықтар

Үкімет «AMANAT»-тың бастамасымен шаруаларға арналған дизель отынын арзандатты

Партияның араласқаннан кейін шаруалар үшін жеңілдетілген дизель отынының 1 литрі 250 теңгеге дейін төмендеді.

Көбіне-көп, өңір кәсіпкерлері үшін өз мәселесін орталық мемлекеттік органдарға жеткізу қиынға соғады. Бұл ретте, «AMANAT» алаңында партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен «AMANAT» филиалдары жанындағы Экономиканы, кәсіпкерлікті және аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестердің кеңейтілген отырыстары өткізілуде. Осылайша, биыл 11 тамызда Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері өз мәселесін құзырлы органдарға жеткізді.

Мәселен, Абай облысының шаруалары дизель отынының қымбатшылығына шағымдануда. Бұл туралы кәсіпкер, «Жан-Ер» ЖШС директоры Съезбек Ахметов айтты.

«Жеңілдетілген бағадағы 1 литр жанар майдың құны 270 теңгеге жетті. Жанар май құны ауыл шаруашылығы өнімдерінің және өзге де таулардың, қызметтердің бағасына айтарлықтай әсер етеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының бағасын арзандату қажет», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін партиялықтар батыс және солтүстік өңірлердің кәсіпкерлерімен кеңес өткізген кезде де шаруалар осы өзекті мәселені көтерген еді. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов ведомство жеңілдетілген бағадағы дизель отынын өңірлерге жеткізуді ескере отырып, оның 1 литрін 238 теңгеге дейін арзандату туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Мәселе мұнай өңдеу зауыттарынан жанар-жағар май алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын жеткізу, сақтау қызметін көрсететін өңірлердегі делдалдардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы болып отыр. Энергетика министрлігі ұсынған өңірлік жанар-жағар май операторларының 1 литріне 12 теңге деңгейіндегі маржасын ескере отырып, жеңілдетілген бағадағы дизельдің 1 литрі 250 теңдеген аспауы тиіс», – деді ол.

Партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев өңірлердегі кәсіпкерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын министрліктер өкілдеріне тікелей жолдап, жауап алуға жақсы мүмкіндік берілгенін атап өтті.

«Мұндай кездесулер мемлекеттік органдарға бизнес-қоғамдастықтың нақты қажеттілігі туралы толық ақпарат алуға және нақты жағдайды ескере отырып, өз саясатын бейімдеуге мүмкіндік береді. Билік пен бизнестің диалогы түйінді мәселелерді анықтауға, бюрократиялық кедергілерді жоюға көмектеседі. Сондай-ақ, түрлі мәселенің шешімін табудың ашықтығы мен тиімділігіне ықпал етеді. «AMANAT» партиясының алаңы – тұрақты экономикалық дамуға атсалысудың және кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасаудың тиімді құралы. Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия депутаттары көтерілген мәселелерді назарға алып, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізеді», – деді партия Хатшысы

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close