Жаңалықтар

Үкімет утильалымға қарсы петицияны қарайтын болды

 

Бүгінде тиісті қол жиналды. Енді петиция Индустрия және құрылыс министрлігіне жіберіледі. Сосын нақты шешім шығуы тиіс.  

 

«Петиция тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралуы қажет. Индустрия министрлігі комиссия жұмысын ұйымдастырады. Оның құрамына мүдделі тұлғалар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді», – деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.  

 

Естеріңізде болса бүгін таңертең ғана министр Қанат Шарлапаев «утильалымды қайта қарастыру жоспарда жоқ» деп айтты. Ал бір ай бұрын құнын түсіру көзделмеген деді.  

 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close