Жаңалықтар
Ұлға «енші», қызға «жасау» беру ұрпақтарға жауапкершілік сезім ұялатады
Қазақ салтында əрбір ата-ана үйленген ұлына «енші», қызына «жасау» беріп, іргесін бөліп отырады да, кенже ұлына енші бермей, қара шаңыраққа мұрагер етеді.
Бұл — үйлі-баранды болған жас жұбайларға дербес тіршілік жолын іздеуге, адал еңбек, ащы тер төгіп, өз күштерімен бақыт-байлық жолын табуға, ерте бастан шаруаның қыр-сырына қанығып, өзгелерге иек сүйеп алудай жаман əдеттен арылтады.