Жаңалықтар
«Бұл – менің ішкі сенімім»: Бишімбаев не себепті көріпкелге хабарласқанын айтты
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG_5110-780x405.jpeg)
Зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Уразбахова Бишімбаевтан Нүкенова қиын жағдайда жатқанда неліктен жедел жәрдем емес, көріпкел шақырғанын сұрады.
Бишімбаев көріпкелдің Шымкентте тұратынын, 1,5-2 жылдан бері бизнес мәселелері бойынша хабарласатынын жеткізді. Сондай-ақ ол Салтанатқа қандай көмек қажет болғанын білмегенін айтты.
Адвокат: «Сіздің ойыңызша, Шымкентте отырған адам бұл сұраққа қалай жауап беруі керек еді?” – деп сұрады.
Бишімбаев: «Мен оған сенетінімді айттым, бұл – менің ішкі сенімім», – деп жауап берді.