Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ АЙДЫН АЙЫМБЕТОВПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Ұлттық қорғаныс университетінің шәкірттері — халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетовпен жүздесті. Кездесу Дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне орай ұйымдастырылды. Авиация генерал-майоры жас сарбаздарға дәріс оқып, ғарыш сапары аясындағы тәжірибелерімен бөлісті. Радиацияның адамға әсерін ғарыштан қалай бақылауға болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ Арал және Каспий теңіздеріне ғарыштан жасалған мониторинг нәтижелерін көрсетті. Айдын Айымбетов, халық қаһарманы, ғарышкер: — Бүгін өз әріптестерімнің арасында болғаныма қуаныштымын. Себебі мен де сіздер жүрген жолмен жүріп өттім. Біздің әскери қызметшілер салауатты өмір салтын ұстайтын, салмақты адамдар. Оларға ар мен ождан ұғымдары таңсық емес.