Жаңалықтар

Вашингтонда домбыра үйірмесі жұмыс істейді

 

Алдағы уақытта ересектер тобын ашу жоспарда бар екен. Бексұлтан Сейдулла Фулбрайт бағдарламасымен магистратураға түсіп, былтыр Вашингтонға келген. Осыған дейін Францияда жоғары білім алып, Қазақстанда қызмет еткен талапты жас мектеп кезінен домбыра тартады.

Мұхиттың арғы жағына сүйікті аспабын ала келген. Жоғарғы оқу орынында білімін жетілдіріп қана қоймай АҚШ-та тұрып жатқан қазақ балаларына домбыра үйретіп, ұлттық мәдениетімізді бойларына сіңдіргісі келеді,Францияда оқуда жүрген кезімде балаларға неге домбыра сабақтарын үйретпеске деген сұрақ қойдым өзіме.

Бұл сұрақ кішігірім домбыра үйірмесіне айналып, екі жылдай жалғасты. Содан кейін Вашингтонға көшіп, домбыра сабағын жалғастырайын деп елшіліктің қызметкері Өтегенов Ерланмен бірігіп, кішкентай домбыра үйірмесін, сенбілік тобын аштық».

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close