Жаңалықтар

Жайық өзенінің су деңгейі бір түнде 25 см-ге көтерілді

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Жайық өзеніндегі су деңгейі жеті метрге жеткенін және оның ары қарай да көтеріліп жатқанын хабарлады.

Қазір облыстағы Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 94 елді мекенін және Жайық өзені бойындағы Орал қаласының аудандарын су басу қаупі төніп тұр.

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Орынбор қаласында дабыл қағылып, тұрғындарды шұғыл көшуге шақырды. Жайық өзеніндегі су деңгейі бір түнде 25 см-ге көтерілген, қауіпті деңгейге дейін 33 см қалды.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close