Жаңалықтар

Жаңа ипотекалық бағдарлама 1 мамырдан бастап іске қосылады

 

Отбасы банкі әзірге бағдарламаның нақты шарттарын атамады. Белгілісі – әлеуметтік осал санаттар, яғни көпбалалы отбасылар, жетімдер мен ерекше қажеттілігі барларға 7%, ал қалғандарына – 9%.

 

Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы – 30 миллион теңге. Қалған аймақтарда – 18 миллион.

Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада жаңа үйді алуға рұқсат. 17 қаланың ішінде Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен бар.

Қалған елді мекендерде жаңа үйді де, қайталама нарықтағы пәтерді де, жер үйді де алуға болады. Ипотека тек моноқалалар емес, Қазақстанның барлық елді мекендеріне есептеледі.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close