Жаңалықтар

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

Талдықорғанда 23 жасқа дейінгі дзюдошылар арасында халықаралық турнир басталды. Жарыс елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Бауыржан Жаналинді еске алуға арналған. Бауыржан Секербекұлы самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт саңлақтарын дайындаған білікті маман.

Шәкірт тәрбиелеумен қатар самбодан «Азия» федерациясының президенті және  Дүниежүзілік федерацияның вице-президенті қызметтерін атқарды. Жетісу төріндегі байрақты бәсекеге 300-ден аса спортшы жиналды. Олар алдағы 3 күн бойы 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Айта кетейік, халықаралық турнир осымен 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. «Бұл жас дзюдошылардың тәжірибе алмасуына және шеберлік шыңдауына жақсы мүмкіндік», — дейді мамандар.    Ерлан Тәжіков жарыстың бас төрешісі: — Балалар тәжірбие алса екен деп ұйымдастырып отырмыз. Бір-бірімен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы күресіп жатыр. Бірінші екінші үшінші орын алған балаларға КМС және ақшалай сыйлық беріледі. Бекзат  Құрманбай Абай облысының балуаны: — Осы жарысқа үшінші рет қатысып тұрмын. Бесінші және жетінші орынмен аяқтағам. Енді сол бесінші, жетінші орындарды алтынға түзейміз.

Өзім үшін бірінші екінші схватка жақсы басталды. Шымкент қаласында сұрмергендер сайысы өтіп жатыр Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда садақ атудан халықаралық турнир басталды. «Шымкент Гран-приі» деп аталатын байрақты бәсекеге Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері келді. Бұған қоса, еліміздің түікпір-түкпірінен жиналған Қазақстан құрамасы бар. Бас-аяғы 250-ден аса қатысушы 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Осы арқылы еліміздегі садақ ату спортының дамуына тың серпін бергіміз келеді дейді ұйымдастырушылар. Әсіресе, жас споршылардың шеберлік шыңдауына жақсы мүмкіндік.

Өйткені, турнир барысында Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпзадары мен жүлдегерлері де бақ сынайды.Тағы айта кетерлігі, халықаралық турнир арқылы қазақстандық жаттықтырушылар мен төрешілердің де кәсіби біліктілігін арттыру көзделеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close