Жаңалықтар

«Жаңа адамдар» ұйымдастырған митинг шетелдегі қазақстандықтардан да қолдау тапты

Қараша айында Алматыда өткен «Жаңа адамдар» ұйымдастырған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг көпшіліктен қолдау тапқаны белгілі. Осыған орай қозғалыс жетекшісі Әсел Бәденова «Арман Абдолла» YouTube арнасына берген сұхбатында аталған митингтің мақсатымен бөлісті, деп хабарлайды Qandastar ақпарат порталы.

Сондай-ақ, Әсел Бәденова митингтің атауына қатысты өз түсіндірмесін айтты.
«Бұл жерде «Хайуанаттар әлеміне ЖОҚ де» дегенде біз адамдарды хайуанаттарға қарсы шығуға немесе оларға қатыгездік көрсетуге шақырмаймыз. Біз хайуанаттар әлемінде қалыптасқан ережеге қарсылық туралы айтамыз. Олардың әлемінде «Күштінікі үнемі дұрыс» деген қағида қалыптасқан.
Хайуанаттардың адамдардан ерекшелігі неде? Хайуанаттар қандай да бір жағдайға көңілі толмаса немесе келіспесе олар жоқ деп айта алмайды. Олар бірден агрессия көрсетеді. Өз шекарасын агрессия көрсету арқылы қорғайды.

Ал, адамның хайуаннан ерекшелігі, адам өз сезімдерін басқара алады. Бұл нені білдіреді?
Егер сен көшеге аш шықсаң, адамдарға тамақ әкел деп жәбір көрсетпейсің. Яғни, адам өзін өзі бақылауда ұстап, жай ғана күліп Жоқ дей алады.

Сондықтан да біздің акциямыз «Хайуанаттар әлеміне ЖОҚ де» деп аталды», дейді ол.
Сонымен қатар, Әсел Бәденованың айтуынша, митинг қазақстандықтардан бөлек, шетелдерден де қолдау тапқан.

«Біз акция туралы жариялағаннан-ақ бізді өте көп адамдар қолдады. Блогерлерге, біздің акциямызды бөліскен барша адамдарға көп рахмет айтамыз.

Сондай-ақ, басқа елдерде тұратын қазақстандықтар да біздің жеке директімізге шығып, біз де дәл сол күні өзіміз тұратын елде сіздерді қолдау үшін митингке шығамыз деді», дейді қозғалыс жетекшісі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close