Жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ₸50 МЛН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Жетісу облысында прокурорлардың араласуымен 50 млн теңгеден астам ақша кәсіпкерлерге қайтарылды.

Медицина саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін төленетін 3 пайыздық кепіл қаржы келісім шарт аяқталған соң иесіне аударылуы тиіс еді. Бірақ қаражат есепшотта қала берген. Заң бұзушылықты анықтаған құзырлы орган өкілдері тиісті шара қабылдады.

Нәтижесінде 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 160 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Ләйлім Әбілмәжінова, облыс прокурорының көмекшісі: — Жыл басынан мың жарым кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Бизнес сигналдарына жедел ден қою мақсатында мобильді топ тәілік бойы жұмыс істейді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close