Жаңалықтар

Жезқазғанда 5 жыл бойы «құлдықта» болған балалар құтқарылды

 

мәлімет бойынша Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделеген.
Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала – 1 қыз және 2 ұл бары анықталды. Патронаттық тәрбиеге алған отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы алған. Ол кезде балалар 14, 12 және 8 жаста болған. Балалардың үлкенін қалаға 20 км қашықтықтағы өз фермасында еркінен тыс ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы мен 18 сиыр бар», – деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
фермаға арнайы барған комиссия мүшелері балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көздерімен көріп, жағаларын ұстаған. Денелерінде сау тамтық жоқ, көгерген, тыртыққа толы екенін аңғарған. Балалар жүдеу, шаршаңқы, аш, кір-қожалақ, киімдері жыртық болған. Балаларды қамқорлығына алған ата-ана оларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсағаны белгілі болды. Сорақысы қамқоршы 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген.

«Балалардың үлкені – қыз, колледжді тәмамдаған, алайда іс жүзінде сабаққа мүлде бармаған. Ортаншы ұл колледжде «оқиды». Құқық қорғау органы білім мекемесін тексерсе, ата-анасы тарапынан үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынып отырған екен. Қамқоршы қызды жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан», – делінген жазбада.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close