Жаңалықтар
ЖУРНАЛИСТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG_5241.jpeg)
Таза Қазақстан» республикалық акциясына шымкенттік журналистер де өз үлесін қосты. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Дендросаябақ» аумағына қаратал көшетін егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Олардың айтуынша қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ міндет. Шымкенттің жасыл қала статусын сақтап қалу мақсатында биыл 120 мың түп көшет егу жоспарланған. Бақтияр Тайжан, журналист: – Журналистер бүгін ауызбіршілікпен тал егіп, қаланың көркеюіне үлкен үлес қосып жатыр. Құдай қаласа Шымкенттің аты жасыл қала ғой. Жасыл қала – шым қала деп айтады. Міне, ол шым қала болуы үшін үнемі осылай жасыл дарақтар егіліп тұруы керек.