БілімЖаңалықтар

6 жасар балаларды балабақшадан шығару мерзімі өзгереді

Балалардың балабақшаға бару кестесі қайта қаралады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі Тамыз конференциясында мәлімдеді.

«Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы 1 қыркүйектен бастап балаларды ерте жастан дамыту бағдарламасы енгізіледі. Бүгінде екі жастағы балаларды қамту мәселесі өзекті болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, 3-тен 6 жас дедік. 6 жастың көбі 1-сыныпқа барып жатыр. Сондықтан екі жастағы балаларды қамту мәселесін көтеру қажет», – деді Аймағамбетов Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Тамыз конференциясында.

Министр балалардың балабақшаға бару кестесін қайта қарау қажет екенін айта кетті.

«6 жастағы балаларды балабақшадан мамыр айынан бастап шығару тәжірибесін тоқтату керек деп санаймыз. Балалардың балабақшаға бару уақытын тамыз айына дейін ұзартып, соңғы айларда, мысалы 5 жасар және мектепалды даярлық топтарын мектепке дайындау үшін пайдалану керек. Бұл тарапта арнайы бағдаламаны дайындаймыз», – деді ведомство басшысы.

Дереккөз: BAQ.KZ
Назерке АБИБУЛЛА

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close