Жаңалықтар

7 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн порталы іске қосылады — Аида Балаева

 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ведомствоның алқа отырысында балалар контентін дамытуға, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатынын айтты.

Сондай-ақ министр мәдениеттің барлық саласы бойынша кешенді жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

«Біз алғаш рет 7 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн порталын іске қосатын боламыз. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Мұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Ұлттық музей жанынан ұлтымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін құндылықтарымыздың өміршеңдігін сақтап қалуға жағдай жасайтын ауқымды реставрация орталығы құрылады» – дейді министр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close