Жаңалықтар

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасу процесі қиындайды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда Отбасы институтын нығайту және ажырасудың алдын алу бойынша жол картасы әзірленіп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Құжатты дайындау барысында әртүрлі министрліктің мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және отбасылық қатынастар саласындағы сарапшылар жұмыс істейді. Астанада олардың алғашқы бірлескен отырысы өтті.

Шешімдердің бірі неке қатынастарын реттеу жөніндегі іс жүргізу нормаларын қатаңдатуды көздейді. Сарапшылардың пікірінше, ажырасу процесінің жеңілдетілген автоматтандырылған жүйесі медиативтік жұмысты жүргізуді қиындатады», – делінген хабарламада.

Некенің дағдарыстық кезеңдерін еңсеру үшін мамандар ерлі-зайыптыларға пренатальды білім беру, саналы ата-ана болу, отбасылық өмір туралы кеңес беру үшін цифрлық платформа әзірлеуді ұсынады.

Пилоттық режимде Астана мен Шымкентте некеге дейінгі тегін кеңес беру жобасы іске қосылды. Дағдарыс кезінде отбасыларды қолдау шараларының бірі декреттік демалыстағы әйелдерге арналған оқыту курстары болуы мүмкін.

Сонымен қатар, отбасы институтын нығайту үшін мамандар мектептер мен колледждерді оқыту бағдарламасына отбасылық тәрбие бойынша арнайы курстарды енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Жол картасына Қазақстандықтардың репродуктивті денсаулығын нығайту жөніндегі шаралар да енгізіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close