Жаңалықтар
Заң күшейеді: Соңғы 6 жылда медицина мамандарына 161 рет шабуыл жасалған
Фото: Тенгриньюс.кз
Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби міндеттерін орындау барысында медицина қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасауына байланысты медицина мамандарының қызметіне кедергі келтіріп, оларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды, – деп хабарлайды qandastar.kz
2019 жылдан бері медицина мамандарына 161 рет шабуыл жасау фактілері тіркелді. Ал, биыл мамыр айында Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне оны шақырған адамдар қол көтеріп, пәтерінде қамаған. Қарағандыда қызметтік міндеттерін орындау барысында жедел жәрдем қызметкерін аяусыз ұрып-соққан. Теміртауда да жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі таяқ жеп, тоналған.
atamekenbusiness_qaz жазғандай, Бас прокуратурамен бірлесе Қылмыстық кодекске өзгерістер әзірленді, онда медицина мамандарына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекске «Медицина қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру» және «Медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету» деген жаңа баптар енгізу ұсынылуда