Жаңалықтар

Алматылық альпинистерді іздеу жұмыстары тоқтатылды

Қырғызстанның Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен альпинистерді іздеу тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің басшысы Данияр Айжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге шыққан әскери альпинистер қайтып келді. Бұған дейін Ақ-Сай Тревел компаниясы болған апаттың хроникасын айтып, альпинистерді тірі табуға мүмкіндік жоқ екенін айтқан еді», – деді Данияр Айжанов аталған мәселеге қатысты өткен баспасөз мәслихатында. Еске салсақ, Алматылық Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және көз жұмған Александр Чечулин Қырғызстандағы «Жеңіс» шыңында қарлы бораның астында қалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, капитан Мақсұт Жұмаев Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстары туралы айтқан болатын. Ауа райының қоласыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтірді.

Дереккөз: inform.kz

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close