Жаңалықтар

Қазақстан Республикасында ақылы жолдарды ұйымдастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды

ҚазТАГ — Қазақстанда ақылы жолдарды реттеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлады «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Хабарда атап көрсетілгендей, «2019 жылдың 23 тамызында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-да инвестициялық конкурс мәселесі бойынша инвесторлармен ашық диалог өтті. Инвестициялық конкурста республикалық маңызы бар автожолдарда төлем қабылдау жүйесін орналастыру және қызмет көрсету бойынша инвестициялық жобалар таңдалады».
Ашық диалог барысында талқыланған басты мәселе – республикалық маңызы бар автожолдардағы төлем қабылдау жүйесін дамыту. Талқылауға «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов және «Transtelecom» АҚ, BI Group, «Нортекс Груп» ЖШС, BDGT, «Kар-Тел» ЖШС, «Коркем Телеком» ЖШС, Филиал «Қытай азаматтық-инженерлік құрылыс корпорациясы» ЖШҚ, ЛТД Шаньси құрылыс инвестициялық корпорациясы Лтд (SXCIG), Kapsch Traffic Com Whale Cloud Technology, ASELSAN, i-Cell және National Toll Payment System халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар инвестициялық конкурсты ұйымдастырудың ережелері туралы пікір алмасып, ұйымдастырушыларға сұрақ қойып, конкурсқа байланысты өз ұсыныстарын енгізді.
Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұловтың жоба аясында республикалық маңыздағы 11 мың шақырым жол қамтылғанын атап өтті.
— Келісімшарт 11 жыл мерзіміне жасалады. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Оператор ретінде жол ақысын жинау мен инфрақұрылымды қалыптастыру мәселесін қадағалайды. Алдағы уақытта көліктерден төлемақы алынатын автомобиль жолдарындағы жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін біртіндеп ақылы жүйе енгізіледі, — деді Талғат Смағұлов.
Республикалық маңыздағы автожолдардың 80%-ы ІІ және ІІІ техникалық санатқа сәйкес келеді. Бұл жолдарда төлемақы тек жүк көліктерден ғана алынатын болады. Ақылы жолдың құрылысы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның қызметкерлері жасаған бағдарламалық жасақтама арқылы жүргізіледі. Ақылы жолдардан жиналған қаражаттардың барлығы ақылы учаскелер мен төлем қабылдау жүйесін күтіп ұстауға жұмсалады және аталмыш жұмыстарға мемлекеттік бюджеттен қаражат тартылмайды.
Жобаның ауқымдылығын ескере отырып, мемлекеттік органның келісімінің негізінде инвестициялық конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін 2019 жылғы 15 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close