Жаңалықтар

Алматы полициясы балконның шетіне отырған балаларға қатысты пікір білдірді

Алматы полициясы көпқабатты тұрғын үйдің балконының шетінде отырған балалардың суретіне қатысты, пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сурет әлеуметтік желіде тараған болатын. Онда біп топ бала Алматы қаласының Бостандық ауданындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінің балконында отырған. Алматы полиция департаментінің хабарлауынша,  бұл суреттер әлеуметтік желіде тарағанымен, 102 пультіне ешқандай дабыл түспеген. Әйтсе де, ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізіледі. «Қазіргі уақытта аудандық ювеналды полиция  қызметкерлері сол ауданда жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың  ата-аналарын анықталуда. Оларға балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілердің алдын алу бойынша профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, мұндай фактілерге жол берілмеуі керек»,-  дейді полиция. Сондай-ақ, полицейлер Тұрғын үй кешенінің қауіпсіздік қызметкерлерімен де профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close