Жаңалықтар

Шымбұлақтағы аспалы жол 2 айға жабылды

Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортындағы аспалы жолы 2 айға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Курорт басшылығының хабарлауынша, 2 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Медеу-Шымбұлақ аспалы жолы профилактикалық жөндеуге жабылады. Мұндай жұмыстар жылына екі рет жүйелі түрде өткізіліп тұрады. «Биыл Медеу мен Шымбұлақ арасында қатынау үшін арнайы Эко автобустарды рейске қосамыз. Бұл көліктер жолаушыларды таңғы 10:00-ден 18:00 аралығында  Шымбұлаққа дейін, одан кері тасымалдайтын болады. Билеттерді стансада орналасқан кассадан алуға болады»,- деп атап өткен курорт басшылығы instagram-дағы парақшасында.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close