Қаржы және төлемдер

Зейнетақы қорлары. Алу, аудару және мұрагерлік ету

Бұл мақалада біз жеке зейнетақы қорларын алу, аудару және оған мұрагерлік ету рәсімдері жөніндегі сұрақтарды қарастырамыз. Бұл сұрақтардың жауабы ел аумағынан кетіп, азаматтығын ауыстыруды жоспарлаған тұлғалар үшін, сондай-ақ отбасының қайтыс болған мүшесінің зейнетақы қорына мұрагерлік етуі тиіс азаматтар үшін мейлінше өзекті болмақ.

«ҚР Зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес  зейнеткерлік жинақтар – бұл салымшының міндетті зейнеткерлік жарналар, ерікті зейнеткерлік жарналар және ерікті кәсіби зейнеткерлік жарналар, инвестициялық табыс, өсімпұл, өзге түсімдерді қамтитын оның жеке зейнеткерлік шотында ескерілетін салымшының (получателя пенсионных выплат) зейнеткерлік төлемдерді алушының ақшасы.

БЖЗҚ-дан зейнеткерлік төлемдерді ресімдеу тәртібі 

Заңға сәйкес зейнетақы зейнетақы жинақтары – шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) ЖЗШ есепке алынатын ақшасы

Зейнетақы төлеу тәртібі

Заңға сәйкес БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-та ашылған ЖЗШ-та зейнетақы жинақтары бар алушыларға жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерін алушы БЖЗҚ-тан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға  табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 Қаулысымен №1042 Қағидалары бекітілді.

№1042 Қағидалардың 20 тармағына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алушының не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның деректемелері өтініште көрсетілетін банк шотына аударады. Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін  :

  1. Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі -ЕДБ) немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға алушының (мұрагердің) ЖСН міндетті ұсынып тек ұлттық валютада;
  2. Шетел банктерге төлемдер мынадай валюта түрлері бойынша: АҚШ доллары (USD), еуро (EURO), фунт стерлинг (GBP), ресей рублі (RUB) секілді валюта түрлері бойынша жүзеге асырады.

Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ЕДБ-дан не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан («Қазпочта» АҚ) зейнетақы төлемдерінің қайтарылуына жол бермес үшін алушылар ЕДБ-да банк шотының өзектілігін (ашық немесе жабық шот екенін), шот түрін (ағымдағы шот, карточка шоты, арнайы мақсаттағы шот екенін) анықтауы керек. Назар аударыңыз! Зейнетақы төлемдері ЕДБ-дағы арнайы мақсаттағы шоттарға аударылмайды.

БЖЗҚ-ға қажетті құжаттар жиынтығын берген және олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда:

  • ЖЗҚ құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған бір жолғы төлемді төлейді;;
  • БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ төлемдердің қалған барлық түрлерін жүргізеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close