Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Президент ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Фото: Ақорда
Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп жазды qandastar.kz
Іс-шараға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.