Әлеумет және қоғам

Қуаңшылық кезде көзге түскен Құрмет қуанышын бөлісті

Фото: Inbusiness.kz

2021 жылы Қазақстанның қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлеріне қол жинап, шөп жіберген Құрмет Талапқазы қуанышты жаңалығын бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz

Бүгін ол өзінің Instagram-парақшасында қуанышын бөлісіп, сүйінші сұрады.

«Сүйінші ағайын, көптен күткен Махаббатыммен некемді қидым. Құтты болғай», – деп қысқа жазба қалдырды ол.

Еске салайық, қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне вагон-вагон шөп жіберіп, көпшіліктің төрт түлігін ашаршылықтан аман алып қалуға септігін тигізген. Ол халықтың алғысын алып, көпшілік оның әрекетіне тамсанған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close