Оралман куәлігі
Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
1 мамырдағы жағдай бойынша 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 76,1 мың этникалық қазақ оралды.
Осы жылдың басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7%-і ҚХР-дан, 5,4%-і Түрікменстаннан, 2,9%-і Моңғолиядан және 4%-і басқа елдерден келген.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (11,4%) қоныстанды.
1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6% және зейнеткерлер 18,2% құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-інің жоғары, 39,8%-інің арнайы орта, 45%-інің жалпы орта білімі бар және 4,1%-інің білімі жоқ. Ақпарат көзі: ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі Осы категория бойынша: « Жуалы ауданының халқы сапасыз судан түрлі науқасқа шалдыққан Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін бекітті»