Жаңалықтар
Президент белгілі журналистің жақындарына көңіл айтты

Фото: time.kz
Президент белгілі журналист Лев Тараковтың жақындарына көңіл айтты, деп жазады qandastar.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қоғам қайраткері, «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараковтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Шығармашылық династияның талантты өкілі Лев Юрьевич отандық журналистиканың дамуына, жас мамандарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Ол әріптестері арасында зор абырой мен құрметке бөленіп, кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісін танытты», – делінген жеделхатта.