ӘлеуметЖаңалықтар

Атажұртқа оралған қандастармен кездесу

Бүгін ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай атажұртқа оралған қандастармен кездесу өтті, кездесу барысында қандастарымыз Орталық музей қорына арнайы тапсырыспен жасатқан «Сүйінші» атты картинаны сыйға тапсырды.

Возможно, это изображение (11 человек, люди стоят и в помещении)

ҚР Мемлекеттік орталық музей директоры, профессор Нұрсан Әлімбай жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, музейдің тарихы, сонымен қатар бүгінгі күні атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті. Жиынға елге оралып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген ел азаматтары жазушы-публицист Марат Тоқашбаев, АҚШ, Массачусетс технологиялық институтының ғалымы және Техас технологиялық университетінің профессоры, химик Нұршат Нұражы, «Maksat-МЕД» емханасының директоры, невропатолог Мақсат Әбдіқадыр, математик, ақын Шаяхмет Қалиұлы, ақын Дәулетбек Байтұрсын, ҚазҰТУ ЛИП жетекшісі, химик – Азат Сейтхан, ҚазҰҰ Биомедицина ғылыми зерттеу орталығының директоры, биолог – Әлібек Ыдырысұлы, жас кәсіпкер – Үрістем Керімжан қатысты. Аталмыш кездесу Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушысы, фармацевт, қандастырымыздың мүддесін қорғап жүрген қоғам қайраткері Оразұлы Қыдырәлінің ұйымдастыруымен өтті.

Qandastar.kz

 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close