Жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір жаңа банк пайда болды

Фото: triptonkosti
KMF микроқаржы ұйымы банктік лицензияға ие болды,деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа банк «KMF Банк» АҚ атауына ие. Ол жеке тұлғаларға, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға және кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге баса назар аударады. Банктің бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Осылайша KMF Қазақстандағы 23-ші банк болады.
Бұған дейін төрт микроқаржы ұйымдары банкке айналуға ниет білдірген болатын: BNK Finance Kazakhstan, «Онлайн ҚазҚаржы» (Solva брендімен), KMF және «Береке». Олардың барлығы қазірдің өзінде ЖШС–дан АҚ-ға өтіп үлгерген. BNK Finance Kazakhstan МҚҰ 2025 жылғы маусымда банк болды.
KMF қаржы есебіне сәйкес, компанияның жарғылық капиталындағы үлестің 60,435%-ы корпоративті меншік — «KMF-Демеу» қорына, 16,627% MultiConcept Fund Management S. A-ға, 9,585% Legal Owner Triodos Funds B. V-ға, 7,085% — Triodos SICAV II, 6,226% басшылыққа және компания қызметкерлеріне, 0,042% — responsAbility SICAV (Lux) компаниясына тиесілі. Соңғы компанияның бақылаушысы — АҚШ-та тіркелген ACDI / VOCA коммерциялық емес ұйымы. Ол «KMF-Демеу» корпоративтік қорының жалғыз құрылтайшысы болып табылады. Микроқаржылық ұйым 1997 жылы USAID қолдауымен құрылды және бастапқыда «Қазақстандық қауымдастықтарды кредиттеу қоры» деген атауға ие еді. Кейінірек оның аты KMF МҚҰ болып өзгертілді.