Жаңалықтар

Полиция жігіттің қалтасына есірткі салды ма? – Депутат жауап берді

Әлеуметтік желіде жерде жатқан жігіттің қалтасына полиция қызметкерінің бірдеңе салып жібергені көрінген видео кең таралды. Полиция жігіттің қалтасына есірткі салып жіберді ме? Бұл сауалға Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Алматыдағы видеоны көрдім. Оған байланысты ІІМ ол жерде қалтасына салып, соған байланысты іс қозғалған жоқ. Қателеспесем, қалтасынан түсіп қалған бір затты қайта орнына қойды. Ол жерде бұзақылық бойынша іс қозғалды. Жалпы қоғамда мұндай пікірді айтады. Полиция тарапынан, құқық қорғау органдары тарапынан қалтаға немесе көлігіне салып жіберіп, осындай «подстава» орын алғанын естимін. Бірақ дәл бұл оқиғаны министрлік теріске шығарды. Дегенмен мұндай мысалдарды нақты алмаймын және орын алуы мүмкін екенін де жоққа шығара алмаймын», — дейді ол.

 

Back to top button