Жаңалықтар

Мас жолаушы Астана – Новосибирск рейсінде ұшақ бортында жанжал шығарды

QAZAQ AIR әуе компаниясының Астана – Новосибирск бағытымен ұшқан рейсінде мас жолаушы тәртіп бұзды. Әйел адамға қосымша алкоголь сатудан бас тартқан кезде бортсеріктерге тіл тигізіп, агрессия танытқан, деп хабарлады qandastar.kz.

Оқиға 20 қазан күні орын алған. Ұшақ қонған соң жолаушы полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Әуе компаниясы мұндай әрекет үшін әкімшілік айыппұлдан бөлек, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылатынын ескертті.

«Борттағы агрессия мен ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіру – заңмен жазаланатын әрекет. Мұндай жолаушылардың есімдері компанияның «қара тізіміне» енгізілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Back to top button