Продюсер Баян Алагөзова желіде тарап кеткен даулы видео жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz
«Мен кейде көптеген әйелдерге тән емес нәрселерді жасаймын. Ашық купальник киіп суретке түсуім мүмкін, қатты күле аламын немесе кейде ақылсыз көрінетін сөздер айтуым мүмкін. Бірақ көп жағдайда адамдар менің әрекеттерімді басқа мәнде қабылдайды», — деді ол.
Мысал ретінде Баян бірнеше жыл бұрын әнші Айқынның туған күнінде жүлде алу үшін «мас адам» кейпінде билегенін айтты.
«Тойларда ең жақсы қимыл-қозғалысты жасаған адам жүлде алады. Сол кезде менге мас әйелдің рөлі түсті. Театр институтында бәрін үйретеді, мен әртіспін, сондықтан оны дәл қайталау қиын болмады. Солай биледім. Бірақ видеом бүкіл елге тарап кетті. Адамдар “Баян ішіп алған, мас” деп жазды. Ал мен сол кезде ақталғым келген жоқ», — деді актриса.



