Танымал блогер Елдос Колобок ұлын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды және әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына қандай есім қойғанын айтты, деп жазады qandastar.kz.
Ол ұлына әлемге үлгілі азамат бол, әлемді аралап, бағындырсын деген мақсатта «Әлем» деген есім берген.
«Бүгін біз үлкен жаңалықпен бөліспекпіз, жер бетіне келген жаңа өмірмен таныстырайық. Балам қош келдің біздің әлемге Бағзат Әлем Елдосұлы.
ӘЛЕМ – шексіздік, кеңдік, еркіндік.
Күні 12.11.2025 , уақыты таңғы 08:29
Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол, саған бізді танитын әлем тілеулес болды, сол себепті есімің Әлем Елдосұлы», – деп жазған ол.
@bagizhannn #eldos_kalabok ♬ оригинальный звук — Bagizhan



