ЖаңалықтарҚандастарға қолдау

Шекарасыз ғылым: Астанада «Отандас ғалымдар форумы» өтеді

21 қарашада Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Отандас ғалымдар форумы» өтеді, деп жазады qandastar.kz.

Форумға шетелден 40-тан астам, сондай-ақ Қазақстаннан 100-ге жуық ғалым мен сарапшы қатысады.
Бұл форум – «Отандастар қоры» өткізетін төртінші ірі халықаралық алаң. Бұған дейін 2019 және 2023 жылдары «Отандастар форумдары», 2024 жылы «Отандастар бизнес форумы» өткен болатын.

Биылғы форумның басты мақсаты – шетелде еңбек етіп жүрген отандас ғалымдардың тәжірибесін елдің ғылыми-инновациялық дамуына тарту және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту. Сонымен қатар форум шетелдегі интеллектуалды диаспорамен тұрақты байланыс орнатып, оларды елдің ғылыми экожүйесіне жұмылдыруды, ғылым мен өндіріс арасындағы интеграцияны күшейтуді, жас ғалымдармен сабақтастық орнатуды және Қазақстанды ғылым мен инновацияға ашық, халықаралық серіктестікке бейім мемлекет ретінде танытуды көздейді.

Форум аясында пленарлық сессиялар және «Ұлы дала» халықаралық кітап шығару байқауының тұсаукесері өтеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button