Танымал қазақстандық актер Даурен Айдарқұлов қазіргі жұбайымен танысу тарихын айтып берді – оларды Threads әлеуметтік желісі таныстырған, деп жазады qandastar.kz.
Актер қосымшаны «әйел табу» мақсатында жүктегенін жазды. Екі айдан соң ол бір қыздың профилін көріп, бірден қызығушылық танытқан.
«Екі айдан кейін шынымен қызықты бір параққа тап болып, бірден хат жаздым. Ал тағы екі аптадан кейін біз неке қиюға шешім қабылдадық. Көрдіңіз бе, әлеуметтік желілер де пайдалы болуы мүмкін», – деп бөлісті актер.
Жұп қыркүйек айының соңында шаңырақ көтерді. Актер тредінде тойдан суреттерін де жариялап, «қажетін алған соң» Threads-ті өшіргенін әзілмен жазды.
Айдарқұловтың посты көп талқылануға себеп болды: оқырмандар оның бұрынғы некелері туралы сұрап, некеге тез шешім қабылдағаны пікірталас тудырды.
«Мұндай кейіпкерлерге күйеуге шығатын қыздарға сұрағым көп»,
«Бірінші әйелі жастықтан, екіншісі жұмысынан, үшіншісі тредстен болып тұр ғой»,
«Бауырым егер сен сүйіспеншілікке толы болсаң және әр түрлі қыздарды ұнатсаң, онда олардың бәріне үйленудің қажеті жоқ», — деді пікір білдірушілер.
Еске салсақ, Даурен Айдарқұлов бұрын екі рет некеде болған. 2020 жылы ол актриса Ақбота Сейтмагамбетпен ажырасқан. Үшінші некесін қазіргі жұбайымен қиған.
