Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Орда» бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Алматыда «Орда» басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, оның үйі мен жұмыс орнында тінту жүргізіліп жатыр. Бұл туралы qandastar.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қала полициясына түскен бірнеше арыз бойынша бас редакторға қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша істер тіркелген.

«Алматы қаласының полиция департаментіне түскен шағымдар негізінде ресурс О.-ның бас редакторы, азаматша Б.-ға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ол  бірнеше рет және қасақана жалған ақпарат таратты деген күдікке ілініп отыр», -делінген хабарда.

Полиция мәліметінше, қазір арызданушылардың уәждері бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар тексерілуде.

«Алдын ала деректер бойынша, 2024 жылғы бір жарияланымда құқық қорғау органының қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды деген ақпарат таратылған. Алайда бұл факт шындыққа жанаспайтыны анықталды. Жалған ақпарат тарату арқылы аталған қызметкердің кәсіби беделіне нұқсан келген. Басқа бір жарияланымда да мүліктік дауға қатысты шығын көлемі мен себептері туралы бұрмаланған деректер беріліп, ол да арызданушының іскерлік беделіне зиян келтірген», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары журналистің бұрынғы жылдары жарияланған өзге материалдары бойынша да тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Азаматша Б.-ның тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Электрондық құрылғылар мен материалдар алынуда. Тергеу жалғасуда, барлық мән-жай заң аясында анықталатын болады», — деді полиция өкілдері.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button