Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда полиция самокатпен патрульдеуге шықты

Алматыда самокатшыларға бақылау күшейтіліп, ата-аналар жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алматы қаласында «STOP бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында электр самокаттарын пайдалану талаптарының сақталуын бақылау күшейтілді. Бұл бағытта полиция қызметкерлері мобильді экипаждар құрамында патрульдік қызметке кірісті.

Құрамына учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полиция қызметкерлері енгізілген экипаждар білім беру ұйымдарының маңы мен оған іргелес көше-жол желілерінде бақылауды күшейткен. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары өздері де самокатпен патрульдеуде.

Полиция мәліметінше, бір тәулік ішінде электр самокаттарын пайдалану қағидаларын бұзудың 70 дерегі анықталған. Оның ішінде 10 жағдайда көлік құралын кәмелетке толмағандардың басқару фактілері тіркелген.

Бұдан бөлек, ережелерді бұзған пайдаланушылардың жеті аккаунты бұғатталды. Ал үш жағдайда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button