БілімЖаңалықтар

Қазақстанда ғылым саласынан 40 мың маман өз еркімен кеткен

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев саладағы бірқатар проблеманы «Jibek Joly» телеарнасының  «Уәде» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оның айтуынша, 2000-жылдардан бастап шамамен 40 мың маман ғылымнан кетіп қалған, ал қаржыландырудың жеткіліксіздігі ғылыми институттардың жұмысын қиындатқан.

«Сол жылдары жіберілген олқылықтарды анықтап, түзету жүргізілмейінше, ғылымның тұрақты дамуы туралы айту қиын», – деді Ақылбек Күрішбаев.

Back to top button