Әнші Бүркіт жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол ата-анасына арнап тұрғызған үлкен әрі сәнді үйдің құрылысы толық аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Іnstagram желісіндегі cmn_kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнерпаздың айтуынша, ол ерекше жобамен шамамен үш жыл бойы айналысып, оған тек қаржысын ғана емес, жан-тәнімен берген еңбегін де жұмсаған. Әнші ұзақ жылдар бойы ата-анасына кең, жайлы үй сыйлауды армандап келген.
Бүгінде оның ата-анасы жаңа, әсем үйге қоныстанып үлгерді. Жанкүйерлер де әншіні құттықтап, бұл әрекеті оның ата-анасына деген сыйластығы мен ерекше құрметін дәлелдейтінін атап өтті.



