Астана тұрғыны автобус жүргізушісінің әрекетін жариялап, желіде қызу талқылау туғызды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Facebook қолданушысы Адина Сүлейменованың парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Астаналық қыз автобус жүргізушісі автобус жолағымен жүрген барлық көлікті суретке түсіріп, e-otinish жүйесіне жүктеп отқанын айтты.
Аталған жарияланым бірден вирустық видеоға айналып, 12 мыңнан астам лүпіл, жүздеген пікір жинады.
Пікір білдірушілер екіге бөлінді. Бірі жүргізушіні қолдап, «Ақыры тәртіп орнайды» десе, енді бірі оны «стукач» деп атап, «Бұл оның шаруасы емес» деп жазды.



